«Дін және жастар»

4 желтоқсан, 2018 жылы «Семей» Медициналық колледжі» мекемесінде    жастар арасында экстремизм мен  терроризмнің алдын алу мақсатында  ШҚО, Дін мәселелерін зерттеу орталығы Семей өңірлік секторының мамандарымен «Дін және жастар» атты кездесу өткізілді. Кездесуге дін мәселелерін зерттеу орталығы Семей өңірлік секторының маманы Омерханов Мақсат Ерланұлы және психолог маман Арманқызы Амина шақырылды..  Кездесуге «Семей» Медициналық колледжі» мекемесінің  оқытушылары  мен бірінші және екінші курс білім алушылар қатысты. Кездесу барысында білім алушыларға қазіргі кезде өзекті мәселеге айналған экстремизм, хиджаб, халық санасына жат өзге діни ағымдардың өзегінде кетушілік тақырыбы қозғалды. Тақырып барысында студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарға толық жауап алды.

Білім алушылар бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт  өмір сүруі және өзара тиімді қарым — қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.

Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады. Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде. Соңғы кездері экстремисттер бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.

Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр.Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды. Қазіргі кезде дін саласына арналған кітаптар мен газет- журналдарды таныстырып өтті. Сондай- ақ өздерімен біге дайындап әкелген слайд материалдарын білім алушыларға көрсетіп, толық таныстырды.

Кездесу аяғында колледж мұғалімдері мен білім алушылардың алдын ала дайындаған сұрақтарына жауап берілді. Алынған жауаптарды саралау барысында колледж білім алушылар өздерінің экстремизмге толық қарсылықтарын көрсетті .

8 ответы
  1. Алуа
    Алуа говорит:

    Бұл конференцияда студенттердің діни сауаттылығын арттыруга, теріс ағымдардан аулақ жүруге түсіндірді. Сонымен қатар дін туралы түсінікті дұрыс қалыптастыруға, бөгде көзқарастардағы адамдардан сақ болуға, адамгершілік қасиетті дамытуға бағытталды. Психолог Арманқызы Амина бізге қарапайым тілмен көптеген пайдалы кеңестер берді. Бізді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Көп рахмет.

    Ответить

Ответить

Хотите принять участие в обсуждении?
Не стесняйтесь внести свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *