14.12.2019  Семейдегі ​ Қарағайлы шағын ауданында көпсалалы мәдени-спорттық кешен ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты, деп хабарлайды Алтайньюстің Семейдегі тілшісі. ​ ​ ​- ​ Бұл жерде халықаралық деңгейдегі  мәдени және спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов,- ол әлемдік талаптарға сәйкес салынған және тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кешенде олимпиадалық бассейн және 55 адамға арналған сауықтыру бассейні, заманауи жаттығу залдары  және 120 адамды бір уақытта сыйдыра алатын көптеген мәдени және спорттық кешендер бар. Спорттық  ғимараттың жалпы ауданы 33,8 мың шаршы метрді құрайды. Ірі кешеннің құрылысын отандық компания «Фирма АЗИЯ» ЖШС жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны 26 миллиард теңге.

Бізде сол ашылу салтанатына «Семей» Медициналық Колледжі» мекемесінің басшылығымен және 2 леч 1 к, 2 м/с 2 к топтары және топ жетекшілері Сымбат Маратқызы, Думан Беккалиевичпен бірге бардық. Спорттық кешенінің ашылу салтанатына қатысып, өте күшті рухани әсер алып қайттық. Себебі ол салтанатты да әсем спорттық кешенінде өзіміздің отандық әншілерімізді көрдік, яғни Ayree, Vox Accapella, Алау топтарының және сондай-ақ жас бишілер мен әншілердің өнерін тамашаладық. Салтанатты ашылу мерекесінде өзіміздің ШҚО бойынша беделді азаматтарымызды марапаттау салтанатына көзайым болдық. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿Тәуелсізді мерекесі құтты болсын. Барша қалалықтарды, бізге тәрбие мен білім беретін окытушыларымызды және студенттерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Тәуелсіздік таңында көк байрағымыз желбіреп, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын.