Мега шоу «Екі жұлдыз»

Жаңа маусымның жаңалығы, жарқыраған жұлдыздарды бір сахнаға жинаған екі жұлдыздың қатысушылары арнайы іріктеліп алынған ұстаздар мен студенттерден құралған. Олар бойындағы бар талантын таразыға салып, қазылардың да, көрерменнің де көңілінен шығуы үшін аянып қалмақ емес. Барлығына ортақ бір мақсат. Бағдарламада берілген талаптар бойынша ән орындап, бірнеше сатыдан сүрінбей өту. мега жоба барысында сынға түсетін жалпы қатысушылардың саны 6 жұп.

Гүлнұр Ернұрқызы — Казирбеков Мейрамбек

Айнұр Ерланқызы — Рахманқұлов Ринат

Құралай Жанарбекқызы — Ашимқан Рамазан

Жандос Орынбекұлы — Мұратова Қарақат

Диана Қасқырбайқызы — Мамилова Айғаным

Асия Асылбекқызы — Тұрсұнханова Назым

 

«Кең жүрекпен» қайырымдылық кеші

Семей қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен халықаралық волонтерлер күніне орай «Кең Жүрекпен» атты қайырымдылық кеші өтті.

Өз уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсап, кез келген салада жұмысын жан-жақты көрсете білетін волонтерларға Семей қаласы әкімінің арнайы Алғыс хаты табысталды.

Әлихан Бөкейхан университетінің «Жастар рухы» ұйымдастыруымен өткен Семей қалалық футбол турнирі