Семейде көптен күткен Мәдени-спорттық кешен ашылды

Семейде көптен күткен мәдени-спорттық кешен ашылды

 

Семейдегі ​ Қарағайлы шағын ауданында көпсалалы мәдени-спорттық кешен ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты. Жаңа ғимараттың үлкен залы бес мың орынға есептелген. Халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар енді Семей қаласында да ұйымдастырылатын болады.​ Әлемдік стандарттар бойынша салынған  кешенде  жүзу, аквааэробика, су добы және суға секіру сияқты спорт түрлерімен де айналысуға мүмкіндік бар.

Бізде сол ашылу салтанатына «Семей» Медициналық Колледжі» мекемесінің басшылығымен және 2 леч 1 к, 2 м/с 2 к топтары және топ жетекшілері Сымбат Маратқызы, Думан Беккалиевичпен бірге бардық. Спорттық кешенінің ашылу салтанатына қатысып, өте күшті рухани әсер алып қайттық. Себебі ол салтанатты да әсем спорттық кешенінде өзіміздің отандық әншілерімізді көрдік, яғни Ayree, Vox Accapella, Алау топтарының және сондай-ақ жас бишілер мен әншілердің өнерін тамашаладық. Салтанатты ашылу мерекесінде өзіміздің ШҚО бойынша беделді азаматтарымызды марапаттау салтанатына көзайым болдық. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿Тәуелсізді мерекесі құтты болсын . Барша қалалықтарды, бізге тәрбие мен білім беретін окытушыларымызды және студенттерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Тәуелсіздік таңында көк байрағымыз желбіреп, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын.