Мега шоу «Екі жұлдыз»
/0 Отзывы/в Без рубрики /от adminЖаңа маусымның жаңалығы, жарқыраған жұлдыздарды бір сахнаға жинаған екі жұлдыздың қатысушылары арнайы іріктеліп алынған ұстаздар мен студенттерден құралған. Олар бойындағы бар талантын таразыға салып, қазылардың да, көрерменнің де көңілінен шығуы үшін аянып қалмақ емес. Барлығына ортақ бір мақсат. Бағдарламада берілген талаптар бойынша ән орындап, бірнеше сатыдан сүрінбей өту. мега жоба барысында сынға түсетін жалпы қатысушылардың саны 6 жұп.
Гүлнұр Ернұрқызы — Казирбеков Мейрамбек
Айнұр Ерланқызы — Рахманқұлов Ринат
Құралай Жанарбекқызы — Ашимқан Рамазан
Жандос Орынбекұлы — Мұратова Қарақат
Диана Қасқырбайқызы — Мамилова Айғаным
Асия Асылбекқызы — Тұрсұнханова Назым
«Кең жүрекпен» қайырымдылық кеші
/0 Отзывы/в Без рубрики /от adminСемей қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен халықаралық волонтерлер күніне орай «Кең Жүрекпен» атты қайырымдылық кеші өтті.
Өз уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсап, кез келген салада жұмысын жан-жақты көрсете білетін волонтерларға Семей қаласы әкімінің арнайы Алғыс хаты табысталды.
Әлихан Бөкейхан университетінің «Жастар рухы» ұйымдастыруымен өткен Семей қалалық футбол турнирі
/0 Отзывы/в Без рубрики /от adminТәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Jas Otan Algyrlary » фестивалі
/0 Отзывы/в Без рубрики /от adminҚазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ ұйымдастыруымен Семей қалалық «Jas Otan» ЖҚ бөлімшелері арасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Jas Otan Algyrlary » фестиваліне қатысып, Бас жүлде иеленгені үшін «Семай» Медициналық колледжі» мекемесінің студенттері:
🏆 Берікқажиева Мунира Жомартқызы 1м/с С,
🏆Советбекова Айдана Толқынқызы 1м/с С,
🏆Болатова Аружан Азаматқызы 1леч А мадақтамамен марапатталды және Бас жүлде кубогы табысталды🏆🏆🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ🎊🎊🎊
Сыбайлас- жемқорлыққа қарсы квест-ойын
/0 Отзывы/в Без рубрики /от adminСыбайлас- жемқорлыққа қарсы квест-ойын
«AntiParaCraft» өз мәресіне жетті! Ойынға 4 курс «Емдеу ісі» мамандығы 4 леч 1к, 4леч 2к, 4 леч 3к топтарының студенттері қатысқан болатын! Ойын 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең — Үй тапсырмасы: жағдайды ойын түрінде сахналайды-бейнеролик түсіру.
2 кезең – Жағдайды талдау: осы мәселені шешу жолдарын табады. Нәтижесі-слайд-презентация.
3 кезең – «Адалдық капитандары турнирі»
Сайыстың қорытындысы ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде өткізілді.
Квест- ойынының қорытындысы бойынша қатысушылар келесі номинациялармен марапатталды:» «Үздік бейне көрсетілім» : 4 леч 2к тобы, «Үздік баяндама» : 4 леч 1к тобы,» Үздік сценарий» : 4 леч 3к тобы,»Адалдық капитаны» : Закарьянова Зере 4леч 1к тобы.
Түлектерді «Семей» Медициналық колледжі мекемесіне оқуға шақырамыз!
/0 Отзывы/в Без рубрики /от admin
Жеңістің 75 жылдығына арналған білім алушылардың құттықтаулары
/0 Отзывы/в Без рубрики /от adminҰлы жеңiс ұрпақтары аты «Семей»Медициналық » колледж 1 курс 1 Леч А тобы студенттерiнен видеоролик
Жеңістің 75 жылдығына арналған 2 Леч В тобының құттықтауы
Жеңістің 75 жылдығы. 3 м/с А тобының студенттерінен құттықтаулары
Ұлы отан соғысының 75 жылдығына арналған видеоролик. 2курс 2 Леч 1 к тобы студенттерi.
Жеңістің 75 жылдығына арналған #Бiзбiргемiз қайырымдылық шарасы. Қайырымдылық — адам жанының нұры
/0 Отзывы/в Без рубрики /от admin9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні
/3 комментария/в Без рубрики /от admin
Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.
Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.