«Ең үздік топ — 2018»

Мақсаты: Білім алушылардың колледждің қоғамдық жұмыстарына қызығушылықтарын ояту, топтардың ұйымшылдығын нығайту. Әр студентті сахна мәдениетін сақтауға баулу. Топтарды оқу-тәрбие  критерийлерінің негізінде бағалау арқылы колледждің ең үздік тобын анықтау. Ең үздік топ – 2018 байқауы 2018-2019 оқу жылында 2 кезеңмен өтті. Барлығы 11 студенттік топ қатысты. І-тур нәтижесі бойынша келесі 6 топ ІІ-кезеңге жолдама алды. Қатысқан топтар: 1 м/с А, 1 м/с В, 1 леч А, 2 леч 1к, 2 леч 2к, 2 м/с 2к.Белгіленген 6 топ өнерлерін келесі кезеңде көрсетті. Байқаудың ақтық мәресі 5-ші желтоқсан күні өтті. Барлық топтардың дайындық деңгейі жақсы болды! Әділқазылардың бір ауызды шешімімен 2 кезеңнің қорытындысы бойынша өте жақсы өнер көрсетіп, «Ең үздік топ-2018!» атағына йе болған – 1 м/с В тобы болды, топ жетекшісі – Төлеубекова Гульбаршын Ниязхановна. Оларға арнайы кубок, диплом және «Әлем» кинотеатрына жолдама берілді. Екінші орын – 2 леч 1к тобына бұйырды, топ жетекшісі — Айтбаева Гульбану Шаймерденовна, олар топтарымен «Анатомиялық музейге» жолдама алды. Бұл екі топтан қалыспай жақсы өнер көрсетіп, үшінші орынды жеңіп алған 2 м/с 1к тобы топ жетекшісі — Слямова Назым Мейрамбековна, арнайы диплом мен кеңсе зат құралдары берілді.  Жалпы іс-шараның негізгі мақсаты – жаңадан келген топтардың ұйымшылдығын нығайтып, сахнада еркін болуға баулу болды. Іс-шара өте мазмұнды, әсерлі келген оқытушылар мен білім алушылар жақсы әсер алып қайтты. Ең үздік топ – 2018 байқауы жоғары деңгейде өтті.

    

 

20 ответы
  1. Жансая
    Жансая говорит:

    Біздің колледжде жыл сайын «Ең уздік топ» сайысы және тағы басқа көптеген сайыстар өткізіледі. Бұл сайыста жаңадан келген топтарды таныстыру және бір бірімен жақсы араласып танысу өз өнерлерін көрсетеді сабақтан басқа да қырларыннан өздерін көрсете алады.

    Ответить
  2. Алуа
    Алуа говорит:

    Ең үздік топ 2018 байқау барысында студенттер өздерінің тапқырлығын, білімділігін және ұйымшылдылығын көрсете білді. Байқау жоғары дәрежеде өтті.

    Ответить
  3. Айдана
    Айдана говорит:

    Біздің колледжда әртүрлі сайыстар, мерекелік іс шаралар барлығы жоғары деңгейде өткізіледі. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп әртүрлі сайыстарға қатысады. Сол сайыстың бірі Ең үздік топ байқауы болып табылады. Жаңадан келген топтардың ұйымшылдығын нығайтып, сахнада еркін ұстауға жәнеде өздерің жан жақты екенін, топтың ұйымшылдығын көрсетеді.

    Ответить
    • Айдана
      Айдана говорит:

      Ең үздік топ2018 байқауында студенттер әртурлі қырлардан көріне білді .:
      САЙЫС ОТЕ ЖОҒАРЫ ДАРЕЖЕДЕ ОТТТИ.ГРУРППАЛАР ӨЗІНЕ ЛАЙЫКТЫ ОРЫН АЛДЫ

      Ответить
  4. Надира
    Надира говорит:

    Ен уздик топ атты сайыска катыскан барлык топты куттыктаймын бул жерде женилгенде женгенде болады ешкашан мунаймай ар болган сайыска катыскан жон Семей медициналык колледжи бикке орлей берсин тек биык шыннан суринбей оте беруине тилектеспин

    Ответить
  5. Армангуль
    Армангуль говорит:

    Біздің коллежда жыл сайын өтіп отырытын ең үздік топ сайысы болды. Бул сайыста әр топ өз ерекшеліктерімен көзге түсті .

    Ответить
  6. Ақжолов Аманай
    Ақжолов Аманай говорит:

    Ең үздік топ байқауы,осы сәт қатты ұнады.Орын алган группаларды құттыктап жатқан кезгой

    Ответить
  7. Айша
    Айша говорит:

    Өте керемет колледж асханасы кушти окытушылары керемет өте жаксы колледж окуы білім денгеиі жаксы барлыгы бирдеи окыиды мемлекеттик денгеиде диплом бериледи осы колледжге тусениздер окинбеисиздер

    Ответить
  8. Аружан
    Аружан говорит:

    Оте керемет колледж Бари жогары денгеиде оте кушти окуда жаксы білімі жоғары барлығы Жаксы осы колледжге туссениздер окинбеисиздер

    Ответить
  9. Жаннэля
    Жаннэля говорит:

    ен уздик топ сайысына катыскан барлык топтар белсене катысты, осындай сайыстар тагы болады деген умиттемиз!

    Ответить

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий для Алуа Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *