Жеңістің 75 жылдығына арналған білім алушылардың құттықтаулары

Ұлы жеңiс ұрпақтары аты «Семей»Медициналық » колледж 1 курс 1 Леч А тобы студенттерiнен видеоролик

Жеңістің 75 жылдығына арналған 2 Леч В тобының құттықтауы

Жеңістің 75 жылдығы. 3 м/с А тобының студенттерінен құттықтаулары

Ұлы отан соғысының 75 жылдығына арналған видеоролик. 2курс 2 Леч 1 к тобы студенттерi.

 

Жеңістің 75 жылдығына арналған #Бiзбiргемiз қайырымдылық шарасы. Қайырымдылық — адам жанының нұры

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Кеуделерінде жарқыраған орден — медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді.
Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осыдан 75 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.
Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.
Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.