2-3 курс Студенттерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің Жаңа жыл» атты концерттік бағдарламасымен «№8 Балалар үйіне» барып құттықтады.

2018 жылдың 28 желтоқсанында «Семей» Медициналық колледжі» мекемесінің  2 – 3 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен  «№8 Балалар үйіне» Жаңа жыл мерекесін «Қош келдің Жаңа Жыл — 2019» атты  концерттік бағдарламасын өткізіп, құттықтап шықты.

Қош келдің Жаңа жыл 2019

Мақсаты: білім алушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салуды үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты концертті 25-желтоқсан күні сағат 15:00-де Миллениум Ретро клубында өтті.

 

 

 

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз — елім Қазақстаным» мерекелік іс-шара

Мақсаты :
1. Білімділігі: Білім алушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Білім алушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: білім алушылардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
15 желтоқсан 2018 жылы  «Тәуелсіз — елім Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара «Семей» Медициналық колледжі мекемесінде акт залында өткізілді. 1- 2 курс топтар арасында «Тәуелсіздік күніне» байланысты «Ашық тәрбие сағаттар» өткізілді.

Лучший психолог года -2018

14 декабря 2018 года на базе КГКП «Музыкальное училище имени Мукана Тулебаева» прошел Областной конкурс «Лучший психолог года – 2018»  для педагогов-психологов учебных заведений технического и профессионального образования Восточно-Казахстанской области.

Согласно Положению, в конкурсе приняли участие психологи, имеющие стаж работы: до 1 года; от 1-3 лет; 3 и более лет. Конкурс профессионального мастерства «Лучший психолог года» стал площадкой для реализации творческого и профессионального потенциала педагогов-психологов, их поддержки и поощрения, демонстрации лучшего профессионального опыта и технологий эффективной работы в системе образования.

В данном конкурсе принял участие педагог-психолог  Учреждение «Медицинский колледж «Семей» — К.Ж. Заманбеков. Он представил эссе на заданную тему «Я и моя профессия», визитную карточку «Самопрезентация».

По итогам конкурса были определены обладатели призовых мест, где К.Ж. Заманбеков был удостоен грамотой «Самый лучший эссе»

 

«Ең үздік топ — 2018»

Мақсаты: Білім алушылардың колледждің қоғамдық жұмыстарына қызығушылықтарын ояту, топтардың ұйымшылдығын нығайту. Әр студентті сахна мәдениетін сақтауға баулу. Топтарды оқу-тәрбие  критерийлерінің негізінде бағалау арқылы колледждің ең үздік тобын анықтау. Ең үздік топ – 2018 байқауы 2018-2019 оқу жылында 2 кезеңмен өтті. Барлығы 11 студенттік топ қатысты. І-тур нәтижесі бойынша келесі 6 топ ІІ-кезеңге жолдама алды. Қатысқан топтар: 1 м/с А, 1 м/с В, 1 леч А, 2 леч 1к, 2 леч 2к, 2 м/с 2к.Белгіленген 6 топ өнерлерін келесі кезеңде көрсетті. Байқаудың ақтық мәресі 5-ші желтоқсан күні өтті. Барлық топтардың дайындық деңгейі жақсы болды! Әділқазылардың бір ауызды шешімімен 2 кезеңнің қорытындысы бойынша өте жақсы өнер көрсетіп, «Ең үздік топ-2018!» атағына йе болған – 1 м/с В тобы болды, топ жетекшісі – Төлеубекова Гульбаршын Ниязхановна. Оларға арнайы кубок, диплом және «Әлем» кинотеатрына жолдама берілді. Екінші орын – 2 леч 1к тобына бұйырды, топ жетекшісі — Айтбаева Гульбану Шаймерденовна, олар топтарымен «Анатомиялық музейге» жолдама алды. Бұл екі топтан қалыспай жақсы өнер көрсетіп, үшінші орынды жеңіп алған 2 м/с 1к тобы топ жетекшісі — Слямова Назым Мейрамбековна, арнайы диплом мен кеңсе зат құралдары берілді.  Жалпы іс-шараның негізгі мақсаты – жаңадан келген топтардың ұйымшылдығын нығайтып, сахнада еркін болуға баулу болды. Іс-шара өте мазмұнды, әсерлі келген оқытушылар мен білім алушылар жақсы әсер алып қайтты. Ең үздік топ – 2018 байқауы жоғары деңгейде өтті.

    

 

«Дін және жастар»

4 желтоқсан, 2018 жылы «Семей» Медициналық колледжі» мекемесінде    жастар арасында экстремизм мен  терроризмнің алдын алу мақсатында  ШҚО, Дін мәселелерін зерттеу орталығы Семей өңірлік секторының мамандарымен «Дін және жастар» атты кездесу өткізілді. Кездесуге дін мәселелерін зерттеу орталығы Семей өңірлік секторының маманы Омерханов Мақсат Ерланұлы және психолог маман Арманқызы Амина шақырылды..  Кездесуге «Семей» Медициналық колледжі» мекемесінің  оқытушылары  мен бірінші және екінші курс білім алушылар қатысты. Кездесу барысында білім алушыларға қазіргі кезде өзекті мәселеге айналған экстремизм, хиджаб, халық санасына жат өзге діни ағымдардың өзегінде кетушілік тақырыбы қозғалды. Тақырып барысында студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарға толық жауап алды.

Білім алушылар бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт  өмір сүруі және өзара тиімді қарым — қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.

Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады. Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде. Соңғы кездері экстремисттер бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.

Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр.Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды. Қазіргі кезде дін саласына арналған кітаптар мен газет- журналдарды таныстырып өтті. Сондай- ақ өздерімен біге дайындап әкелген слайд материалдарын білім алушыларға көрсетіп, толық таныстырды.

Кездесу аяғында колледж мұғалімдері мен білім алушылардың алдын ала дайындаған сұрақтарына жауап берілді. Алынған жауаптарды саралау барысында колледж білім алушылар өздерінің экстремизмге толық қарсылықтарын көрсетті .