«Семей» Медициналық колледжінде тәрбие жұмысының негізгі бағыттары туралы
Колледждегі тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие» атты бағдарламаға сәйкес ұйымдастырылған.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
Елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
Өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға
баулу;
Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
Басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
Өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
Еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
Біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
Білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.
Күтілетін нәтиже:
әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, ғылым мен техниканың жетістіктері туралы білу;
ғылымның қоғам өміріндегі маңызы туралы түсінігін сауатты, дәлелді жеткізе білу;
себеп-салдарлық және құрылымдық-функционалдық талдау элементтерін қолдана білу, неғұрлым күрделі нақты байланыстар мен олардың тәуелділіктерін зерттей алу;
сыни ойлау, сенімді ғылыми ақпаратты анықтау және ғылымға қарсы идеяларды сыни талдай алу дағдыларының болуы;
фактілерді байқау, жинақтау және жүйелеу, жаратылыстану және гуманитарлық салаларында, зерттеу қызметінде тәжірибені түсіну.
Күтілетін нәтижелер оқу-тәрбие процесін іске асырудың тиімділігін мониторингтеу және бағалау үшін негіз болып табылады.
Тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
1 жартыжылдықта «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес негізгі мақсаттар:
— Оқушылардың жалпы мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету.
— Адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.
— Жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау және қоғамда өзін-өзі ұстау дағдыларын қалыптастыру.
— Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбие жұмысының бағыттары:
1 жартыжылдықтағы тәрбие жұмысы бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылды:
Патриоттық тәрбие
Бұл бағыттың мақсаты – оқушыларды өз елінің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие оқушыларды азаматтық жауапкершілікке, ел мүддесін қорғауға, ұлттық құндылықтарды сақтауға бағыттайды.
— Іс-шаралар: Тәуелсіздік күнін мерекелеу, тарихи тұлғалармен кездесулер, Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрлері туралы сабақтар мен іс-шаралар.
Адамгершілік және моральдық тәрбие
Оқушылардың моральдық құндылықтарын қалыптастыруға арналған бұл бағытта адалдық, әділдік, құрмет, ұят, жауапкершілік сияқты негізгі адамгершілік қасиеттерді дамытуға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады. Оқушылардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды жақсарту, сыпайылық пен достықты насихаттау маңызды.
— Іс-шаралар: Адамгершілік пен этика туралы әңгімелер, «Құрмет» және «Адал болу» тақырыбында сынып сағаттары, пікірталастар.
Денсаулық сақтау және салауатты өмір салты
Бұл бағыт оқушылардың физикалық денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамыту, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелері қарастырылады.
— Іс-шаралар: Спорттық жарыстар, денсаулық сақтау бойынша ақпараттық науқандар, салауатты өмір салты туралы семинарлар мен тренингтер.
Шығармашылық және интеллектуалды даму
Бұл бағыт оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, ой-өрісін кеңейтуге және интеллектуалды әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұл бағыт өнер мен ғылымды, әдебиет пен мәдениетті, музыка мен бейнелеу өнерін дамытуға бағытталған.
— Іс-шаралар: Құзыреттілік пен таланттарды дамыту байқаулары, шығармашылық конкурс, ғылыми жобалар мен зерттеулер, театрландырылған қойылымдар.
Экологиялық тәрбие
Экологиялық тәрбие табиғат пен қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жауапкершілікті дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Оқушыларға табиғатты қорғау қажеттілігін түсіндіру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды.
— Іс-шаралар: Экологиялық акциялар, табиғатқа шығу экскурсиялары, «Жасыл мектеп» жобасы, ағаш отырғызу.
Құқықтық тәрбие
Бұл бағыт оқушылардың құқықтық санасын дамытуға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заңды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың заңгерлік сауаттылығын арттыру және құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері басты назарда болады.
— Іс-шаралар: Құқықтық білім беру сабақтары, заңгерлермен кездесулер, «Құқықты білу – артықшылық» тақырыбында сынып сағаттары.
Өзін-өзі басқару және көшбасшылық дағдыларын дамыту
Оқушыларды өзіне жауапкершілікпен қарауға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға үйрететін бұл бағыт өзін-өзі басқару, ұжымда жұмыс істеу, шешім қабылдауда белсенділік таныту дағдыларын қалыптастыруды мақсат етеді.
— Іс-шаралар: Оқушылар арасында көшбасшылар сайлау, клубтар мен ұйымдар құру, дебаттар мен пікірталастар өткізу.
Әлеуметтік және мәдени даму
Оқушылардың әлеуметтік құзыреттіліктерін, мәдени сауаттылығын арттыруға бағытталған бұл бағыт олардың қоғамдағы рөлін, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату, көп мәдениетті ортада жұмыс істей білу дағдыларын дамытуға бағытталған.
— Іс-шаралар: Мәдениет күндерін өткізу, халықаралық іс-шараларға қатысу, көпмәдениеттілік тақырыбында семинарлар.
Жүзеге асырылған іс-шаралар мен әдіс-тәсілдер:
1 жартыжылдық ішінде жоспарланған іс-шаралар толық жүзеге асырылды:
— Сынып сағаттары: Оқушыларға түрлі әлеуметтік, мәдени және этикалық, жеке қауыпсіздік мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін сынып сағаттары өткізілді.
— Әлеуметтік жобалар: Оқушылардың қоғамға қызмет көрсетуі үшін түрлі әлеуметтік жобалар ұйымдастырылды, мысалы, сенбілік ұйымдастырылды, мұқтаж жалғыз басты жас аналармен олардың сәбилеріне көмек көрсету акциялары, концерттік бағдарламамен қарттар үйіне шығу.
— Кездесулер мен семинарлар: Колледж студенттеріне танымал тұлғалармен, қоғам өкілдерімен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, дәрігерлермен, діни қызметшілерімен (теологтармен), психологпен кездесу ұйымдастырылды. Әр түрлі кәсіп иелері мен қоғам қайраткерлері жастарға өз өмірлік тәжірибелері мен кеңестерін бөлісті.
— Спорттық және шығармашылық шаралар: Спорттық жарыстар мен ұлттық ойындар, суретпен қол өнер көрмелері, мерекелік шаралармен жатақханада музыка кештері өткізілді, колледж студенттері позэзиялық және интеллектуалды сайыстарға қатысты.